Балалардың ВИЧ індетін жұқтыру дерегі бойынша қозғалған 28 қылмыстық істің 13-ін Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының қызметкерлері тексерген - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалардың ВИЧ індетін жұқтыру дерегі бойынша қозғалған 28 қылмыстық істің 13-ін Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының қызметкерлері тексерген

Балалардың ВИЧ індетін жұқтыру дерегі бойынша қозғалған 28 қылмыстық істің 13-ін Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының қызметкерлері тексерген

ШЫМКЕНТ. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі департаменті балалардың ВИЧ індетін жұқтыру дерегі бойынша қозғалған 13 қылмыстық істі тексерген. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі департаменті директорының орынбасары Серік Бейсалиев хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2007
  • 414
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында балардың ВИЧ індетін жаппай жұқтыру дерегі бойынша жүргізілген тергеулер аясында 28 қылмыстық іс қозғалып, оның 25-і тергеу қорытындысы бойынша біреуге біріктіріліп сотқа жолданды.

«Біздің тексерулерімізге сәйкес, барлығы 13 қылмыстық іс қозғалды»,- деді С.Бейсалиев. Оның айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің «пара алу жөніндегі» 311-бабының 4-тармағы бойынша 5 қылмыстық іс қозғалған. Тағы бес іс ҚР Қылмыстық кодексінің «сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу жөніндегі» 176-бабының 3-тармағына, бір іс ҚР Қылмыстық кодексінің «заңсыз сый-сияпат алу жөніндегі» 224-бабына, тағы екі іс — ҚР Қылмыстық кодексінің «бухгалтерлік есеп беру ережелерін бұзу жөніндегі» 218-бабына сәйкес қозғалды.

Сонымен бірге С.Бейсалиев қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың аты-жөнін атаудан бас тартты.

Ал кеше журналистермен сұхбатында адвокат Мусатай Бектасов былай деді: «өз басым БАҚ-тарда жарияланған дәрігерлерге пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылғаны туралы хабарламалар ашуға шақырады. Әрбір нақты жағдайда айыпкерлердің аты-жөнін толық атау қажет. Өйткені, ауырлығы жағынан қымқыру мен немқұрайдылық жөніндегі айыптар өте айырмашылықта. Сол себепті біз соттың ашық өткізілгенін қалаймыз»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта