Ақтөбеде соққан дауыл электр жалғастыру желілерін істен шығарып, қаланың жартысы ауыз сусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде соққан дауыл электр жалғастыру желілерін істен шығарып, қаланың жартысы ауыз сусыз қалды

Ақтөбеде соққан дауыл электр жалғастыру желілерін істен шығарып, қаланың жартысы ауыз сусыз қалды

АҚТӨБЕ. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. Ақтөбеде соққан дауыл электр жалғастыру желілерін істен шығарып, қаланың жартысы ауыз сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 23 Қаңтар 2007
  • 360
Фото - Caravan.kz

Бүгін түнде Ақтөбедегі желдің екпіні секундына 20-25 метрге жетті. Соның салдарынан облыстық орталық аудандарында электр жалғастырушы желілер үзіліп, Ақтөбенің барлық су жинағыштарының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

«Бірақ, қазіргі уақытта су жинағыштардың жартысы өз жұмыстарын қайта бастады»,- деді қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы Лариса Томчук. Ең бірінші Ақтөбе Жылу электр орталығынан суын алатын су жинағыш өз жұмысына қайта кірісті.

Қазір барлық шұғыл қызметтер апат болған орындарда жұмыс істеуде. «Бүгінгі күннің аяғына дейін су жинағыштар күнделікті режимде жұмыс істейтін болады»,- деп сендірді әкімшілік қызметкері.

Ақтөбеде 300 мыңға жуық адам тұрады. Тұрғындарды ауыз сумен бес су жинағыш қамтамасыз етеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта