Қарағанды облысында тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында тұрғын  үйдегі өрт салдарынан бір адам қаза тапты

Қарағанды облысында тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір адам қаза тапты

АСТАНА. 24-қаңтар. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір ер адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Қаңтар 2007
  • 381
Фото - Caravan.kz

Мекеме мәліметтерінше, өрт Қаражал қаласында екі қабатты, сегіз пәтерлі үйде 23-қаңтарда 14 сағат 21 минутта шыққан. 30 шаршы метр аумақты шарпыған өрттті сөндірген кезде 66 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта