«Қала әкімі Иманғали Тасмағанбетов пен «Базис-А» құрылыс корпорациясының президенті Александр Беловичтің қатысуымен жобаланған жобада алаң астында сауда және көңіл көтеру орталығын салу көзделген. Біз отанымызға деген азаматтық, адамдық парызымыз ретінде, бұған қарсы тұрып, қасиетті орынды қорлауға жол бермеуге міндеттіміз»,- деп мәлімдеді бүгін өткен баспасөз мәслихатында қоғам қайраткері Жасарал Қуанышалин.
Ұлттық-демократиялық күш өкілдері, Республика алаңының астында мұндай нысан салу оның 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне байланысты тарихи роліне тіптен қайшы, деп санайды. «Бұл тек пайда көзін іздеп ақшаның соңынан түсу ғана емес, желтоқсан оқиғасына қатысты тарихи жадыны жоққа шығарып қорлау», — деді Ж. Қуанышалин. «Бұдан басқа да көптееген орындар бар ғой… Мұндай нәрселер неге дәл осы жерде болуға тиіс?»,- деді ол.
Баспасөз мәслихатының спикерлері Алматы қаласының әкімі мен «Базис-А» корпорациясының президентіне жоспарланып отырған «Алмалы» көп функциялы орталық салуға жол бермеуді талап еткен жолдауларын дайындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті