Полиция Алматы маңында өртеніп кеткен көліктен табылған екі ер адамның өліміне қатысты тергеу жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция Алматы маңында өртеніп кеткен көліктен табылған екі ер адамның   өліміне қатысты тергеу жүргізуде

Полиция Алматы маңында өртеніп кеткен көліктен табылған екі ер адамның өліміне қатысты тергеу жүргізуде

АСТАНА. 25-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматы полициясы 23-қаңтарда Алматыдан Бутаковка ауылына баратын жолда өртеніп кеткен "Тойота Ленд Крузер" көлігінің ішінен табылған екі адамның өліміне қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 25 Қаңтар 2007
  • 558
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, оқиға болған жерде өртенген көліктің маңайынан Макаров тапаншасының 9 мм-лік екі гильзасы табылған. Сонымен қатар, оқиға орнынан киімнің өртенген қиқымдары, техникалық кітапша тәркіленіп, көлік ішінен жанармай қорабының ішкі қақпағы табылды.

Полиция бұл көліктің алюминий профильден терезе жасау және орнатумен айналысатын «Альбин Групп» ЖШС құрылыс-инвестициялық фирмасына тиесілі екендігін анықтады. Серіктестіктің бас директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарынан жауап алу кезінде, ол 23-қаңтар күні 19 сағаттар шамасында ЖШС бастығы Юрий Тарнопольскийдің тапсырмасымен Саша атты жігітке 1 772 400 АҚШ долларын бергенін айтты.

Қазіргі уақытта, полиция екі жігіттің өлімі мен ақша беру дерегінің арасындағы байланысты анықтауда. Қайтыс болғандардың мәйіті сот-медициналық сараптама жүргізу үшін және олардың аты-жөнін анықтау үшін мәйітханаға жіберілді.

Алматы қаласаның ІІД-де арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. «Алматыға криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары Сұлтан Құсетов ұшып келді»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта