Қырғызстан президенті премьер-министр лауазымына Ауылшаруашылық министрлігінің басшысы Исабековты ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті премьер-министр лауазымына Ауылшаруашылық министрлігінің басшысы Исабековты ұсынды

Қырғызстан президенті премьер-министр лауазымына Ауылшаруашылық министрлігінің басшысы Исабековты ұсынды

  • 26 Қаңтар 2007
  • 396
Фото - Caravan.kz
БІШКЕК. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Қырғызстанның президенті Құрманбек Бакиев үкімет басышысының лауазымына ауыл, су шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіру министрінің міндетін атқарушы Әзім Исабековты ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. 
 
Ә. Исабековтың кандидатурасын ұсыну туралы шешім бүгін президенттің парламент спикерлерімен, парламенттік комитеттер мен фракция басшыларымен өткен кездесуінде қабылданды. Депутаттар ұсынылып отырған кандидатураның қажетті дауыс жинайтындығына сенімді екендіктерін білдірді. 
 
Ә. Исабеков 1960 жылы Қырғызстанның Чуйск облысында дүниеге келген. Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Диплом алғаннан кейін Қырғызстан Республикасының ІІМ-де әскери борышын өтеген. 1997 жылы Чуйск облысының әкімшілік аппаратында жұмыс істеген, 2002-2004 жылдары Экономиканы дамыту жөніндегі мемлекеттік қорды басқарған. 2005 жылы Қырғызстан Республикасының президент әкімшілігінің бастығының орынбасары болып тағайындалып, 2006 жылдың маусымында парламент оны ауыл, су шарушылығы мен өнеркәсіптік өндіру министрі лауазымына тағайындаған. 
 
Бұрын хабарлағанымыздай, Қырғызстан Республикасының Ф.Кулов басқарған  министрлер кабинетінің өз еркімен отставкаға кетуі туралы шешім өткен жылдың 19-желтоқсанында қабылданған болатын. Республиканың үкіметі «жаңаша реформаға жол ашуға тиіспіз» деген. Бірақ, Қырғызстан үкіметінің барлық құрамы жаңа министрлер кабинетін тағайындалғанша өз міндеттерін атқаруға қалған болатын. 18-қаңтарда Қ.Бакиев парламент қарауына Ф. Куловтың кандидатурасын екі рет ұсынған болатын, бірақ ол қажетті дауыс жинай алмады. 


     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта