Қайрат Мами Оңтүстік Қазақстан облысы сотының төрағасына балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты істің жабық түрде қаралуының заңдылығын анықтауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.53
  • 543.73
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Мами Оңтүстік Қазақстан облысы сотының төрағасына балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты істің жабық түрде қаралуының заңдылығын анықтауды тапсырды

Қайрат Мами Оңтүстік Қазақстан облысы сотының төрағасына балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты істің жабық түрде қаралуының заңдылығын анықтауды тапсырды

АСТАНА. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағысы Қайрат Мами Оңтүстік Қазақстан облысы сотының төрағасына балаларға ВИЧ індетін жұқтыру туралы істің жабық түрде қаралуының заңдылығын анықтауды тапсырды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен.

  • 1 Ақпан 2007
  • 702
Фото - Caravan.kz

«Аталмыш қылмыстық істің қоғамды дүр сілкіндіргендігін, сондай-ақ БАҚ-да сот отырысының жабық өтуіне қатысты көптеген наразылықтардың білдірілгендігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы Оңтүстік Қазақстан облысы сотының төрағасына аталмыш істің жабық түрде өтетін сотта қаралуының негізділігін анықтап, басын ашуды тапсырды»,- деп көрсетілген бүгінгі таратылған хабарламады.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысындағы балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты қылмыстық іс аталмыш іске төрағалық етушінің қаулысы бойынша Шымкенттің Әл-Фараби аудандық сотында жабық түрде қаралуда. Сотқа 21 адам, соның ішінде 18 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті