Қала әкімінің айтуынша, қазіргі кезде Алматы халықаралық әуежайын кеңейту мақсатында инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. «60 млн $ тұратын 4,5 шақырымдық БЗ табындағы екінші ұшырып қондыру алаңының құрылысы аяқталуға жақын. Нысанды өткізу осы жылдың екінші жартысына жоспарланған. Сонымен қатар, биыл жаңа халықаралық терминал, мейманхана және сауда кешенінің құрылысын бастаймыз»,- деді И.Тасмағамбетов.
«Шетелдік консалтинг компаниялары жүргізген маркетинг зерттеулері мен есептері бойынша бұл жоба үш кезеңге бөлінді. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін жаңа әуежай 2010 жылдан бастап жылына 2 млн жолаушыны өткізетін болады, екінші кезеңде 2015 жылға қарай — 4 млн, ал 2020 жылы — 6 млн-ға жетпек»,- деп атап өтті қала әкімі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті