«Н. Тасмағанметова балаларға ВИЧ індетін қаскүнемдікпен жұқтырған деді. М.мкін, осы қастандықты оның өзі ұйымдастырған болар?»,- деді С. Масауров.
Бүгінгі С. Масауровтың мәлімдемесінен кейін, Н. Тасмағамбетованы қорғаушы адвокат Сапар Әміртаев Балалар қорының төрағасының процесске қатыспауы туралы мәселені қарауды өтінді. «Ол күн сайын намысқа тиеін сөздер айтады, отырыс барысында жанжал тууына түрткі болады»,- деді С. Әміртаев.
Басқа айыпталушылардың адвокаттары да оның сот процессінен алшақтатылуы туралы ұсынысты қолдады, бірақ бұл ұсыныс прокурор мен жәбірленушілердің адвокаттарынан қолдау тапқан жоқ. Сот бұл ұсынысты қабылдамады, дегенмен С. Масауровқа бірінші ескерту жасады.
Бұрын хабарлағанымыздай, Шымкентте 19-қаңтарда балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты сот процессі басталған болатын. Сотқа 21 адам, соның ішінде 18 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған.
Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті 89 баладан табылған, олардың сегізі көз жұмса, біреуін шет елге асырап алып кеткен. Сондай-ақ, ВИЧ індеті 12 баланың анасынан табылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті