Ақпарат көзінің хабарлауынша, қазір Алматы қалалық ІІД-нің жедел әрекет етуші арнаулы тобының жетекшісі Наурызбай Қадырқожаев пен Алматы қалалық ІІД төрағасының орынбасары Нұрлан Самалихов қамауға алынды. Сонымен бірге, белгілі ақпаратқа сәйкес, қазіргі жағдаймен Алматы қалалық ІІД-нің жедел әрекет етуші арнаулы тобының оншақты қызметкері отставкаға кету туралы рапорт берген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 31-қаңтар, сәрсенбіде Достық көшесі ,38-үйде орналасқан Нұрбанктің кеңсесіне қарулы адамдар тобы шабуыл жасады. Шабуылшыларды банктің күзетшілері залалсыздандырып, құқық қорғау органдарына табыстады. Артынан белгілі болғанындай, банкке шабуыл жасағандар — Алматы қалалық ІІД-нің жедел әрекет етуші арнаулы тобының штаттағы қызметкерлері болып шықты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті