Үкімет басшысы АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Д.Салливанмен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 508.91
  • 594.36
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Д.Салливанмен кездесті

Үкімет басшысы АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Д.Салливанмен кездесті

АСТАНА. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Кеше үкімет басшысы Кәрім Мәсімов АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дэниел Салливанмен кездесіп, онда екі жақты қазақстан-американ қатынастарын дамыту перспективасы талқыланды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

  • 6 Ақпан 2007
  • 355
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысында қол жеткізілген Қазақстан мен АҚШ мемлекет басшыларының келісімдерін іске асыруға бағытталған экономикалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары қаралды.

Сонымен қатар, аталған кезеңде екі елдің бизнес-қоғамдастығының қарқынды өзара тиімді ынтымақтастығы, қазақстандық экономиканы диверсификациялауға бағытталған жобаларды белсенді жүзеге асыру, сондай-ақ энергетикалық жобалардағы серіктестік келешегі жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті