Рахат Әлиевтің Kazakhstan Today агенттігіне берген экспресс-сұхбаты - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рахат Әлиевтің Kazakhstan Today агенттігіне берген экспресс-сұхбаты

Рахат Әлиевтің Kazakhstan Today агенттігіне берген экспресс-сұхбаты

АЛМАТЫ. 7-ақпан. Kazakhstan Today. Кейінгі күндері Нұрбанктегі оқиғаға қатысты бір-біріне қарама-қайшы көптеген ақпараттар пайда болды. Кейбіреулер бұл оқиғаға Рахат Әлиевтің қатысы бар деп мәлімдеуде. Kazakhstan Today агенттігі одан оқиғаға түсініктеме беруді сұраған болатын.

  • 7 Ақпан 2007
  • 495
Фото - Caravan.kz

Р.Әлиев: Айтылып жүрген осынау барлық дақпырттар, жорамалдар мен гипотезалардың арасындағы жалғыз шындық — ол менің шын мәнісінде де Нұрбанктің акционері екендігім. Бұл ешкім үшін де құпия емес.

Бұдан басқа банк қызметкерінің жоғалып кеткені туралысынан бастап барлық ақпараттың бәрі қасақана жоспарланған арандатушылыққа ұқсас көпе-көрнеу жала. Менің білуімше, аталмыш адам қылмыстық іске қатысы бар күдікті деп танылуда және қазір үй қамауда тергеуге жауап беруде.

Нұрбанк басшылығы өзінің беделін жалған жала мен өтірік қара күйе жағудан заңдық тұрғыда қорғайтынын мәлімдеді. Банк акционері ретінде мен де бұл мәлімдемеге қосыламын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті