2006 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны шамамен 9,6 млрд. АҚШ долларын құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006 жылы  тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны шамамен 9,6 млрд. АҚШ долларын құрады

2006 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны шамамен 9,6 млрд. АҚШ долларын құрады

АЛМАТЫ. 7-ақпан. Kazakhstan Today. 2006 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны шамамен 9,6 млрд. АҚШ долларын (2005 жылы 6,6 млрд. АҚШ доллары) құрады. Тікелей шетелдік инвесторлар алдындағы борыштық міндеттемелерді және тікелей инвестициялар бойынша операцияларды есепке алғанда ТШИ нетто-ағыны бір жыл ішінде 6 млрд. АҚШ долларынан асты, ол 2005 жылғы осындай көрсеткішке қарағанда үш есе артық. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 7 Ақпан 2007
  • 493
Фото - Caravan.kz

Алдын ала бағалау бойынша 2006 жылғы ағымдағы операциялар шотының сальдосы дефицитпен бірге 1 млрд. АҚШ долларына жуық болып қалыптасты (2005 жылы — дефицит 0,7 млрд. АҚШ доллары болған). Жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы операциялар шотының дефицитіне резидент еместерге кірістер төлеу және сол сияқты халықаралық қызмет көрсету шығыстарының күрт өсуі себеп болды.

Тауарлар экспорты 2006 жылдың қорытындысы бойынша 38,8 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2005 жылғы көлемнен 37% асады. Импорт та жоғары қарқынмен өсті — 2006 жылғы алдын-ала деректер бойынша төлем балансының жіктеуі бойынша тауарлар импорты 24,2 млрд. АҚШ долларына дейін 34,8% өсті. Қорытындысында сауда балансының он сальдосы 2005 жылмен салыстырғанда 4,2 млрд. доллардан астам ұлғая отырып, 14,6 млрд. АҚШ долларына жуық болды.

Тауарлардың таза экспортынан түсімдердің өсуі кезінде ағымдағы шот дефицитінің 2006 жылы кеңеюіне резидент еместерге төлемдердің өсуі себеп болды. Резидент еместерге төлемдердің негізгі өсуі тікелей шетелдік инвесторларға төлемдерге келеді — 2006 жылғы алдын ала бағалау бойынша 2005 жылғы 4,8 млрд. доллармен салыстырғанда 7,7 млрд. АҚШ доллары болды. Борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер жоғары қарқынмен өсті — банк секторы таратқан заемдар бойынша сыйақы төлемдері ғана 2005 жылғы 0,55 млрд. АҚШ долларымен салыстырғанда 2006 жылы 1,4 млрд. АҚШ долларына жуық болды.

Халықаралық қызметтер бойынша баланс тапшылығы 2006 жылы алдын-ала жасалған бағалау бойынша 5,7 млрд. АҚШ долларын (2005 жылы шамамен 5,3 млрд. АҚШ доллары) құрады. Импорт үшін төлемдердің жоғары деңгейде сақталуы Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарының инфрақұрылымын зерттеу және дамыту жөніндегі жұмыстардың жалғасуына себепші болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті