Семей қаласының Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі тәулік бойы істейтін госпиталдың стационары қаржылық қиындықтарға байланысты 1996 жылы жабылып қалғандығын хабарлады. Стационардың болмауынан Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері емделу қажет болған жағдайда Семей ауруханасында немесе 200 шықырымдағы Өскемен госпиталында емделуге мәжбүр.
2006 жылы Ішкі істер департаментінің басшылары 30 орынды стационар ашу үшін қаржы бөлуге қол жеткізген. Стационар штатына 22 адам енгізілген, госпиталь бөлімшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 10 млн теңге бөлінген. Асхана, ас қабылдау бөлмелерін қалпына келтіру жұмыстары, кабинеттер мен науқастар жататын бөлмелерде жөндеу жұмыстары жүрігізілді. Өскемен госпиталі бөлімшеге қажетті жиҺаздар мен басқа да жабдықтар алуға көмектесті.
2007 жылы Шығыс Қазақстан облысының ІІД госпиталіне медициналық жабдықтар мен аппараттар алу үшін республикалық бюджеттен 5 млн теңге бөлу жоспарланған. Оның жартысы Семейдегі бөлімшеге берілмек.
Бүгінде Семей қаласындағы госпитальда барлық мамандық бойынша дәрігерлер науқастарды қабылдай алады, функционалдық диагностика, зертхана және физиокабинеттер жұмыс істейді, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті