2007-жылы Қазақстанда инфляция 7,3- 8,3% құрайды - Ұлттық банк анонсы - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылы Қазақстанда инфляция 7,3- 8,3% құрайды - Ұлттық банк анонсы

2007-жылы Қазақстанда инфляция 7,3- 8,3% құрайды - Ұлттық банк анонсы

АЛМАТЫ. 7-ақпан. Kazakhstan Today. 2007-жылы Қазақстанда инфляция 7,3- 8,3% құрайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов бүгін 2006-жылдың алғашқы қорытындысы мен қаржы нарығындағы 2007 жылғы қаңтардағы ахуалға арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Ақпан 2007
  • 391
Фото - Caravan.kz

«Алдын-ала есеп бойынша инфляциялық дәліз 7,3- 8,3% құрайды деген болжам шындыққа сай келетін секілді»,- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жылдық инфляция 2006 жылы (2006 жылғы желтоқсан мен 2005 жылғы желтоқсан аралығы) 8,4% (2005 жылы 7,5%) болды. Орташа жылдық инфляция 2006 жылға арналған жоғары бағалар сценарийі бойынша (6,9-8,5%) мақсатты болжамнан шамалы көтеріле отырып, 8,6% болды.

Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2007 жылғы қаңтарда инфляция 1,1% (2006 жылғы қаңтарда — 0,9%) болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар — 0,3%, ақылы қызмет көрсету — 1,1% артты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті