Отырысқа мәжілістің 57, сенаттың 34 депутаты қатысты. «Қажетті кворум қалыптасты», деді отырысты ашқан мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов. Отырысқа үкіметтің мүшелері қатысып отыр.
Бұған дейін үкіметтің бағдарламасын «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының активі қолдаған. «Құжат айқын құрылымдалған, онда жаңа үкіметтің стратегиялық басымдықтары айқындалған және тұтастай алғанда жаңашылдық сипатта», деді кездесуге қатысушылар баяндаманы талқылау барысында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті