Үкімет Қазақстанның бәсекелестік қабілетін тұрақты өсіру стратегиясының жобасын жасамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Қазақстанның бәсекелестік қабілетін тұрақты өсіру стратегиясының жобасын жасамақшы

Үкімет Қазақстанның бәсекелестік қабілетін тұрақты өсіру стратегиясының жобасын жасамақшы

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Үкімет Қазақстанның бәсекелестік қабілетін тұрақты өсіру стратегиясының жобасын жасамақшы. Бұл туралы үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасы туралы баяндамада айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Ақпан 2007
  • 436
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның бәсекелестік қабілетін тұрақты өсіру стратегиясының жобасы жасалып, стратегиялық және орта мерзімдік бюджеттік жоспарлау, мониторинг, бақылау және жоспарлауға қатысты барлық субьектілердің жауапкершілігі, мемлекеттік басқару органдарының іс-қызметінің бағыттары мен ақырғы нәтижесі мәселелерін реттейтін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі бірқатар құқықтық-нормативтік актілердің жобасы жасалады»,- делінген бағдарламада.

Атап айтсақ, мемлекеттік мекемелерде стратегиялық жоспарлауды енгізуге, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің іс-қызметінің ақырғы нәтижесін бағалауға бағытталған құқықтық-нормативтік актілерді қабылдау межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті