Қазақстан үкіметі білім және ғылым жүйесін басқарудың жаңа моделінің жобасын жасамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі білім және ғылым жүйесін басқарудың жаңа моделінің жобасын жасамақшы

Қазақстан үкіметі білім және ғылым жүйесін басқарудың жаңа моделінің жобасын жасамақшы

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан үкіметі білім және ғылым жүйесін басқарудың жаңа моделінің жобасын жасамақшы. Бұл туралы бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасы туралы баяндама жасаған үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Ақпан 2007
  • 408
Фото - Caravan.kz

«Үкімет білім және ғылым жүйесін басқарудың жаңа моделінің жобасын жасауға назар шоғырландырмақшы»,- деді К.Мәсімов. «Жалпы орта білім беру саласында мектептерде 12 жылдық білім беруге сатылы түрде көшу, оқулықтардың сапасын арттыру, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды білім беру процессінде белсенді пайдалану жұмыстары одан әрі жалғасады»,- деді ол.

Үкімет басшысы мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы оқыту жүйесін дамыту — үкіметтің басымдықтарының бірі деп мәлімдеді. «Үкімет республикамыздың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын қамтамасыз ету үшін техникалық мамандар дайындау жүйесін дамытуға бар күшін салады», деді үкімет басшысы.

«Еліміздің жоғары білім беру сапасы мен оның мән-мазмұны еңбек нарығындағы сұранысқа сай келуге тиіс. Біз «мемлекет — оқу орындары — жұмыс беруші» арасындағы ықпалдастықтың жаңа моделін қолданысқа енгіземіз»,- деді К.Мәсімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті