Үкімет бизнестің жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюға күш салады - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет бизнестің жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюға күш салады

Үкімет бизнестің жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюға күш салады

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Үкімет бизнестің жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюға күш салады. Бұл туралы үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасы туралы баяндамада айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Ақпан 2007
  • 349
Фото - Caravan.kz

«Кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді одан әрі қысқарту, соның ішінде берілетін түрлі есептерді оңтайландыру арқылы әкімшілік кедергілерді азайтуға шаралар қолданылады»,- делінген құжатта.

Үкімет сонымен бірге барлық кәсіпкерлік субьектілерді қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшіруді аяқтауды көздеп отыр.

Бұған қоса үкімет шағын несиелендіруді дамытуға ынталандыру, кәсіпкерлікті қолдау орталықтары мен бизнес-инкубаторлардың іс-қызметін пәрмендендіру шараларын қолданбақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті