Түрікменстанда президент сайлауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрікменстанда президент сайлауы өтті

Түрікменстанда президент сайлауы өтті

АЛМАТЫ. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Түрікменстанда президент сайлауы өтті деп танылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі түрікменстандық және ресейлік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 12 Ақпан 2007
  • 501
Фото - Caravan.kz

Түрікменстанда сайлаулар мен референдумдар өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, осы жексенбіде өткен президент сайлауына сайлаушылардың 98,65% қатысты. «Сайлаушылардың 66% тіпті түс болмай жатып дауыс беріп үлгерді. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес сайлауды өтті деп айтуға негіз болып табылады», деп жазады Turkmenistan.ru. сайты.

Агенттіктің хабарлауынша, сайлау 65 сайлау округі мен 1625 сайлау учаскесінде өтті. Дауыс беру барысын ұлттық бақылаушылар, соның ішінде Түрікменстан президентінің жанындағы демократия және адам құқығы жөніндегі институт өкілдері мен елдегі ірі қоғамдық ұйымдардың өкілдері қадағалады. «Олар сайлауға жоғары баға берді», деп жазады басылым.

Бүгін жер-жерлерде дауыс саналып жатыр, ақырғы қорытынды таяу күндерде жария етілмек. «Ресми қорытынды 14-ақпанда республиканың жоғары өкілеттілік органы — халк маслихаты (Халықтық кеңес) отырысында бекітіледі. Түрікменстанның жаңа президентін ұлықтау рәсімі сол күні өткізіледі»,- деп хабарлайды Ресейдің «Новости» ақпараттық агенттігі.

Ресейлік агенттіктің атап көрсеткеніндей, осы жолғы сайлау Түрікменстан тәуелсіздікке ие болған 15 жылда алғаш рет баламалы негізде өткізілді. 2,6 млн. сайлаушы алты үміткердің бірі үшін өз дауыстарын беруге тиіс болған. Президенттің міндетін уақытша атқарушы Гурбангулы Бердымухаммедов жеңістен басты үміткер деп танылуда.

Үміткерлердің арасында сондай-ақ Түрікменстанның мұнайгаз өнеркәсібі және минералды ресурстар вице-министрі Ишанкули Нурыев, шаҺар хякимі — Абадан қаласының әкімі Оразмурат Караджаев, Туркменбаши қаласының басшысы Аширнияз Помманов, Дашогуз велаяты хякимінің бірінші орынбасары (области) Аманнияз Атаджиков, Лебап велаятының (области) Карабекауыл ауданының хякимі Мухаммедназар Гурбанов бар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, елді 20 жылдан астам басқарған Түрікменстанынң бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязов 2006-жылдың 21-желтоқсанында жүрек ауруынан қайтыс болды. Сайлауға дейін президенттің міндетін уақытша атқарушы болып осы ел үкімет басшысының орынбасары Гурбангулы Бердымухаммедов тағайындалды.

Түрікменстан Конституциясына сәйкес, елде туған, 40-тан жоғары және 70-тен төмен жастағы, мемлекеттік тілді білетін, осыған дейінгі 15 жыл Түрікменстанда тұрақты тұрған және мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық ұйымдарда немесе халықшаруашылығының басқа да салаларында істеген ел азаматы президент болып сайлана алады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті