Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаменті 2006 жылы 21 қылмыстық іс қозғаған - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облыстық кедендік  бақылау департаменті 2006 жылы 21 қылмыстық іс қозғаған

Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаменті 2006 жылы 21 қылмыстық іс қозғаған

АҚТАУ. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаменті 2006 жылы жүк контрабандасының дерегі бойынша 21 қылмыстық іс қозғаған, оның 17-сі дербес және жедел ақпарат бойынша қозғалған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне кедендік бақылау департаментінен хабарлады.

  • 12 Ақпан 2007
  • 489
Фото - Caravan.kz

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, есірткіге қарсы күрес бойынша Қазақстан мен Түркіменстан шекарасында үш контрабанда дерегі анықталған: «марихуана — 286 грамм, героин — 1 грамм, апиын — 65 грамм», — деп хабарлады департаменттен. 2006 жылы жалпы салмағы 3255 грамм есірткі заттары тәркіленген, ал бұл көрсеткіш 2005 жылы 325 грамм болған.

Сонымен қатар, өткен жылдың 12 айында жүк контрабандасы дерегі бойынша 35 млн 175 мың теңге сомасындағы тауар тәркіленген. «Сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне жалпы сомасы 4 млн 808 мың теңге көлемінде заттай дәлелдер тәркіленіп, мемлекет кірісі 1,2 млн теңгеге өскен»,- дейді Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаментіндегілер.

Департаменттен хабарлағандай, сот органдары есеп беру кезеңінде жалпы сомасы 206 мың теңгенің айыппұлын салған. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару» жөніндегі 214-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істердің материалдары бойынша қайта тергеу жүргізу барысында 9113 млн теңге қайтарылған»,- деді департаментте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті