Қостанайда бизнесменнің 11 жасар ұлын ұрлағандар құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда бизнесменнің 11 жасар ұлын ұрлағандар құрықталды

Қостанайда бизнесменнің 11 жасар ұлын ұрлағандар құрықталды

АСТАНА. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Қостанайда бизнесменнің 11 жасар ұлын төлем алу мақсатында ұрлағандар құрықталды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының криминалдық полиция департаментінен.

  • 12 Ақпан 2007
  • 376
Фото - Caravan.kz

Полицяның айтуынша, 5 ақпанда Қостанай облыстық Ішкі істер департаментіне «Универсал» ЖШС-тің 48 жастағы директоры шағымданған. Ол өзінің 11 жасар ұлын бейтаныс адамдардың ұрлап әкетіп, 10 мың АҚШ доллары көлемінде құн талап етіп отырғандығын хабарлады.

Жедел-іздестіру шараларының барысында Қостанай облысының Ішкі істер департаменті мен ҰҚКД қызметкерлері жасөспірімді ұстап отырған жерді анықтаған. Ол қаладағы пәтерлердің бірінде қамалып отырған. Сол жерде 18-жастағы қылмыскер де құрықталды. «Ол өзінің сыбайластары — жәбірленушінің 24-жастағы ағасы мен 22 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны екендігін мәлімдеді», — деп хабарлады полициядан.

Күдіктілердің барлығы да құрықталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті