Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан азаматын 1 килограмм героинмен ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан азаматын 1 килограмм героинмен ұстады

Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан азаматын 1 килограмм героинмен ұстады

АСТАНА. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан азаматын 1 килограмм героинмен ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 12 Ақпан 2007
  • 367
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Атамекен» өткізу бекетінде, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Сарыағаш» дербес бақылау-өткізу бөлімінде шекарашылар көлік құралдарын тексеру барысында «ВАЗ-2106» автокөлігімен шекарадан өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстады. «Иісшіл иттің көмегімен жүргізушінің орындығының астынан жалпы салмағы 1 килограмм болатын героин салынған дорба табылып тәркіленді», деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті