Еліміздің көлік және коммуникация министрлігі көлік инфрақұрылымын концессиялық негізде дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға 2007-жылғы көктемде тендер жариялайды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің көлік және коммуникация министрлігі көлік инфрақұрылымын концессиялық негізде дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға 2007-жылғы  көктемде тендер жариялайды

Еліміздің көлік және коммуникация министрлігі көлік инфрақұрылымын концессиялық негізде дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға 2007-жылғы көктемде тендер жариялайды

АСТАНА. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Еліміздің көлік және коммуникация министрлігі көлік инфрақұрылымын концессиялық негізде дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға 2007-жылғы көктемде тендер жариялайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтік сағатта еліміздің көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Ақпан 2007
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Үкімет бекітіп сараптамаға жіберген концессиялық 18 жобаның 16-сы біздің министрліктің жобасы. 3-4 жоба бойынша концессионерлерді анықтауға бағытталған байқау процедуралары осы жылдың мамыр айында басталады»,- деді С.Ахметов. Оның айтуынша, аталмыш жобалар бойынша «тиісті құжаттарды дайындау жұмыстары қазір жүргізіліп жатыр».

Концессиялық негізде жүзеге асырылатын жобалардың арасында «Ералиево — Құрық және Маңғышлақ — Баутино темір жол желілерін тарту, Мақат — Қандыағаш темір жол учаскесін электрлендіру, Ақтау әуежайын жөндеу жобалары бар».

«Биыл біз концессиялық негізде жүзеге асырылатын күрделі жобаларға бюджеттен тысқары қаржы көздерін тартуға баса назар аударатын боламыз. Біз темір жол, автожол және басқа да салаларда инвесторлардың ынтасын тарта алатындай аса қызғылықты жобаларды жасауға тиіспіз»,- деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті