Байқоңырға "Союз ТМА-10" пилотты ғарыш кемесі жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға "Союз ТМА-10" пилотты ғарыш кемесі жеткізілді

Байқоңырға "Союз ТМА-10" пилотты ғарыш кемесі жеткізілді

БАЙҚОҢЫР. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағына "Союз ТМА-10" пилотты ғарыш кемесі жеткізілді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Байқоңыр" Федеральдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен.

  • 12 Ақпан 2007
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Союз ТМА-10″ пилотты ғарыш кемесі бүгін таңертең Королев зауытынан теміржол көлігімен жеткізілді. Қазіргі уақытта кедендік рәсімдеу процедуралары жүргізіліп жатыр, рәсімдеу жұмыстары аяқталған кейін ғарыш аппараты мен қосымша құралдар тиелген вагон 254-ші алаңның монтаждау-сынақ корпусына әкелінеді, онда ғарыш аппараты контейнерлерден арнайы стендке түсіріледі»,-деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Бір жарым ай ішінде, арнайы кестеге сәйкес, ғарыш айлағының мамандары «Союз ТМА-10» ғарыш кемесін ұшыруға дайындайды. Сонымен қатар, ғарыш айлағына ақпанның басында әкелінген «Союз-ФГ» зымыран-тасығышы 112-ші алаңының монтаждау-сынақ корпусында ұшыру дайындығынан өтеді.

«Союз-ФГ» зымыран-тасығышы «Союз ТМА-10» ғарыш кемесімен бірге құрамында ғарышкер Федор Юрчихин мен Олег Котов (Ресей), сонымен қатар ғарыш саяхатшысы Чарльз Шимони (АҚШ) бар 15-ші негізгі экипажды Халықаралық ғарыш станциясына алып ұшады, ұшырылым 2007 жылдың 9 сәуіріне жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті