«Нидерланды корольдігінің елшісі Клаас ван дер Темпел Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжинге жолықты. Кездесу барысында дипломаттар түрлі салаға қатысты ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар олар халықаралық ұйымдардың аясындағы қарым-қатынастарға да назар аударып өтті»,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті