Мекеме ақпаратына сәйкес, «хаки түсті дөңгелек пішінді» зат Жетіқара қаласында сәрсенбі күні 16 сағат 30 минутта жарылған. Жарылыс салдарынан 25 жастағы жігіт оқиға орнныда қаза тауып, тағы бір 30 жастағы зардап шегуші жеңіл жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Үй конструкциялары бүлінген жоқ. Қазір оқиға орнында ҚР ІІМ-нің шұғыл тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті