Интернациональный ауылындағы «Тарлан» дүкеніндегі өрт сәрсенбі күні таңертең шыққан. Бұдан кейін жалын дүкен жалғастыра салынған 6 пәтерлі барак үлгісіндегі үйге қарай ойысты. Соның салдарынан өрт аумағы 60 шаршы метрге жетті. Бір пәтер толық өртеніп, екіншісінің шатыры зақымданды.
Өртті сөндіру барысында 15 адам шығарылды.
Өрт бір сағаттан кейін шоғырландырылып, тағы екі сағатта толық сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті