Алматы маңында 3,3 кг героин сатуға әрекет жасаған қырғызстандық әйел ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы маңында 3,3 кг героин сатуға әрекет жасаған қырғызстандық әйел ұсталды

Алматы маңында 3,3 кг героин сатуға әрекет жасаған қырғызстандық әйел ұсталды

АЛМАТЫ. 15-наурыз. Kazakhstan Today. Алматы қалалық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері 3,3 кг героин сатуға әрекет жасаған қырғызстандық әйелді ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 15 Наурыз 2007
  • 391
Фото - Caravan.kz

35 жастағы әйел Алматы-Бішкек тас жолының 13-ші шақырымында орналасқан бір Алматының ЖШС-нің көлік жуатын орнының жанында ұсталды.

Одан 3 кг 307 грамм героин тәркіленді. Әйел уақытша тергеу абақтысына қамалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті