2007-жылы мемлекет 6,2 млрд теңгеге астық сатып алады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылы мемлекет 6,2 млрд теңгеге астық сатып алады

2007-жылы мемлекет 6,2 млрд теңгеге астық сатып алады

АСТАНА. 15-наурыз. Kazakhstan Today. 2007-жылы мемлекет азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, республиканың мобилизациялық қажеттіліктері мен нарықты шұғыл реттеу үшін 6 млрд 208 млн 382 мың теңгеге астық сатып алады. Осы жөніндегі қаулыға республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Наурыз 2007
  • 337
Фото - Caravan.kz

Қаулыға сәйкес, 2007-жылғы түсімнен мемлекетке астық сатып алуға бюджеттен көктем-жазғы маусымда 3 млрд 892 млн, күзгі мемлекеттік сатып алуға 2 млрд 316 млн 382 мың теңге бөлінеді.

«Көктем-жаз маусымында мемлекетке астық сатып алуға пайдаланылмаған ақшалай қаражат күз мауысымында астықты мемлекеттік сатып алуға пайдаланылады»,- делінген қаулыда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006-жылы Қазақстанда астық түсімі бункерлік салмақпен 18,5 млн тонна, өңдеуден кейін — 16,2 млн тонна болды. Ауылшаруашылығы министрлігі мамандарының болжамына сәйкес, 2007-жылғы түсім бұдан төмен болмайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті