Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жарлық «көлік иелері — азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік құқығын қорғауды қамтамсыз ету мақсатында» қабылданып отыр.
Қырғызстан президенті жақын арада республика праламентіне тізгіні оң жақта орналасқан көліктерді пайдалануға салынған тыйымның күшін жою туралы заң жолдайды.
Бұрындары хабарлағанымыздай, өткен жылдың желтоқсанында Қырғызстан Республикасының парламенті «Қырғызстан Республикасындағы жол қозғалысы туралы» заңға 2010 жылдан бастап оң тізгінді көліктердің пайдалануына тыйым салатын түзетулерді қабылдаған болатын. Ақпан айында Құрманбек Бакиев өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы аталмыш заңға қол қойған. Бір апта өтісімен Қырғызстан Республикасының Әділет министрлігінде «Союз правых» жаңа қоғамдық ұйымы тіркелген. Аталмыш ұйым тізгіні оң жақта орналасқан көліктерді пайдалануға салынған тыйым күшінің жойылуына қол жеткізуге талпынған болатын. Бұл ұйымның жүргізген келіссөздері мен наразылық шаралары ойдағыдай болып отыр.
«Союз правых» ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, Қырғызстанда тізгіні оң жақта орналасқан 12 мың көлік тіркелген. Мұндай көліктерді пайдалануға тыйым салу жапония көліктерінің иелеріне 6 млн АҚШ долларынан астам көлемде шығын әкелер еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті