Каспийде қазақстандық шекарашылар үш браконьерді құрықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийде қазақстандық шекарашылар үш браконьерді құрықтады

Каспийде қазақстандық шекарашылар үш браконьерді құрықтады

АСТАНА. 16-наурыз. Kazakhstan Today. Каспий теңізінің айдынындағы "Форт-Шевченко" күзетінің шекарашылары үш браконьерді құрықтады.

  • 16 Наурыз 2007
  • 361
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, теңізге шығу құқығын беретін құжаттары жоқ Қазақстанның үш азаматы Саура мүйісінің маңындағы жағалауда ұсталған . «Шекарашылар тексеру барысында «Нива» көлігін, екі аспалы қозғалтқышты «Прогресс-2″ моторлы қайығын және 2 килограмм қара уылдырық табылып, тәркіленді»,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Аталмыш дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті