Баспасөз хатшысының ақпараттарына сүйенсек, қылмыс 15-наурызда 18 сағатта, облыстық баспахананың маңында болған. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер 36 жастағы жігіттің мәйітін тапқан. Тергеу барысында белгілі болғанындай, ол жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Полицейлердің мәліметтері бойынша, жігіт ішіне, сол жақ шабына және оң иығына тиген оқ жарақатынан қайтыс болған.
«Біздің қызметкерлер қылмыстың «ізін суытпай» бір жас жігітті ұстады, одан қаруға айналдырылған » «Иж-Байкал» газ тапаншасы табылды»,- деп хабарлады А. Иманғалиев. Оның ақпараттарына сүйенсек, полицейлер кәсіпкерді дәл осы қарумен атқандығын анықтады. Полицейлердің айтуынша, күдікті алдын ала жауап алу барысында «оны арадағы жеке араздық үшін атқандығын» мойындады.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы бойынша (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті