Ресей президенті Қазақстанмен арадағы келісімдерге өзгерістер енгізу жөніндегі бірқатар хаттамаларды Мемлекеттік думаға енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей президенті Қазақстанмен арадағы келісімдерге өзгерістер енгізу жөніндегі бірқатар хаттамаларды Мемлекеттік думаға енгізді

Ресей президенті Қазақстанмен арадағы келісімдерге өзгерістер енгізу жөніндегі бірқатар хаттамаларды Мемлекеттік думаға енгізді

МӘСКЕУ. 19-наурыз. Kazakhstan Today. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанмен арадағы келісімдерге өзгерістер енгізу жөніндегі бірқатар хаттамаларды Мемлекеттік думаға енгізді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 19 Наурыз 2007
  • 304
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, В.Путин Қорғаныс министрлігінің 929-шы мемлекеттік ұшу және сынақ орталығы мен бірқатар полигондарды пайдалану жөніндегі Қазақстанмен арадағы келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаларды бекітуге берді.

Ресейдің «Новости» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанмен арадағы 1995-жылғы 20-қаңтардағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаларға Мәскеуде 2006-жылдың 4-сәуірінде қол қойылған. Олар РФ қорғаныс министрлігінің 929-шы мемлекеттік ұшу және сынақ орталығын, қорғаныс министрлігінің мемлекеттік орталық полигонын пайдалану, сондай-ақ, Ембі және Сарышаған полигондарын пайдалану мен жалға алу, Приозерск қаласының тіршілік іс-қызметін қамтамасыз етуге қатысты келісімдер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті