Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жарлықта шенеуніктің қызметтен кету себебі көрсетілмеген.
Қ.Қонғантиевтің қызметтен кетуін республикадағы көптеген қоғамдық және саяси қайраткерлер талап еткен еді. Бұрынғы бас прокурор баспасөзге қырын қарағаны және сыбайлас жемқорлықпен тиімсіз күрескені үшін сынға ұшыраған болатын.
Қ.Қонғантиев Қырғызстан бас прокуроры қызметіне өткен жылғы қазан айында тағайындалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті