Мекеме ақпаратына сәйкес, Алматы қаласы Медеу ауданында Каменка үстіртінде Достық даңғылына жетпей 20 -наурызда 00 сағат 45 минутта «Хонда» автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылды. Апат салдарынан 17 жастағы жолаушы қыз оқиға орнында жан тапсырып, жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге, Алматы облысы Көксу ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 214-ші шақырымында «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі «Тойота» автокөлігімен соғысты. Апат салдарынан «Ауди-80» автокөлігінінде отырған 55 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тауып, тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті