Қырғызстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Манас» әуе базасында қырғыз азаматын атып өлтіру дерегі бойынша жүргізілген тергеу аяқталды. Бүгінгі күнде қылмыстық іс бойынша жиналған қолда бар материалдар З. Хатфильдтің Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 97-бабының 1-тармағы бойынша қылмыс жасаған кінәсін толық дәлелдей алады және де «оған ресми жаза қолдану үшін жеткілікті болып табылады»,- деп айтылған қадағалау органының хабарламасында.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006 жылдың 6-желтоқсанында АҚШ әуе базасының сарбазы әуе базасының бақылау-өткізу бөлімінде «Эйркрафт Петролеум» компаниясының жанармай тасушы көлігінің 42 жасар жүргізушісі Александр Ивановты атып өлтірген. АҚШ әуе базасы басшылығының айтуынша, АҚШ әскері аэродромға қызмет көрсетуші жүргізуші тарапынан қатер төнуге байланысты оған қаратып екі оқ атқан. АҚШ жағы А. Ивановтың жесіріне отағасының өлімі үшін өтемақы ретінде 1 мың АҚШ долларын төлеген. Қырғызстан Республикасының заңына сәйкес, мұндай жағдайда өтемақы айтарлықтай артық болуға тиіс, төлемақы сомасы қайтыс болған адамның 20 орташа жылдық табысынан тұруға тиіс.
Қырғызстан мен АҚШ үкіметінің арасындағы келісімге сәйкес әуе базасының американдық сарбазының дипломаттық иммунитеті бар және ол АҚШ үкіметінің қорғауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті