Көкшетауда прокуратура Өзбекстаннан заңсыз келген 36 азаматты анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда прокуратура Өзбекстаннан заңсыз келген 36 азаматты анықтады

Көкшетауда прокуратура Өзбекстаннан заңсыз келген 36 азаматты анықтады

АСТАНА. 3- сәуір. Kazakhstan Today. Көкшетауда прокуратура Өзбекстаннан заңсыз келген 36 азаматты анықтады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Сәуiр 2007
  • 382
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, көші-қон заңының қолданылуын тексеру барысында Өзбекстанның 36 азаматын құрылыс жұмыстарына заңсыз тарту дерегі анықталған. «Заңсыз келген азаматтарына қалада спорт кешенін салып жатқан Қостанай облысының «Строй Стиль 1″ ЖШС — құрылыс фирмасы жұмысқа қабылдаған. Өзбекстаннан келген жұмысшылар қызмет көрсету шартының негізінде Көкшетаудағы № 1 кәсіби лицейдің жатақханасында тұрған»,- деп түсіндірді прокуратурадағылар.

Прокурорлық тексеру нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 іс қозғалған : «оқу мекемесінің директорына қатысты — Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 395-бабы бойынша (шетел азаматтарын тіркеуге шара қолданбағаны үшін), құрылыс фирмасының директорына қатысты — Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 396-бабы бойынша (шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін) және Өзбекстан азаматтарына қатысты — Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 394-бабы бойынша (Қазақстан Республикасына шетелдіктердің келу ережесін бұзғаны үшін)».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті