Жоғарғы сот өзінің кришнаиттер қауымына жерді пайдалану құқығын беру туралы қаулысының күшін жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы сот өзінің кришнаиттер қауымына жерді пайдалану құқығын беру туралы қаулысының күшін жойды

Жоғарғы сот өзінің кришнаиттер қауымына жерді пайдалану құқығын беру туралы қаулысының күшін жойды

АЛМАТЫ. 10 - мамыр. Kazakhstan Today. Жоғарғы сот өзінің Алматы облысындағы "Общество сознания Кришны" діни ұйымына жерді пайдалану құқығын беру туралы қаулысының күшін жойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 10 Мамыр 2007
  • 696
Фото - Caravan.kz

«2007 жылдың 8-мамырында Жоғарғы соттың шығарған шешіміне сәйкес, Алматы облысындағы кришнаиттер қауымының барлық жері кез-келген уақытта мемлекет пайдасына тәркіленеді»,- деп айтылған «Общество сознания Кришны» діни ұйымының таратқан баспасөз баянында.

Естеріңізге сала кетейік, Жоғарғы соттың 2005 жылдың 30-маусымындағы қаулысына сәйкес Алматы облысының Қарасай ауданындағы 47,7 гектар жер қауымның пайдалануына берілген болатын және кришнаиттерге Қарасай ауданының тіркеу органдарында құжаттарды ресімдегеннен кейін меншік құқығы берілген.

Бірақ, баспасөз баянында «Қарасай аудандық соты жергілікті әкімнің өтініші бойынша жерді тәркілеуіне байланысты бұл органдар «Общество сознания Кришны» діни ұйымының атына жер телімін тіркемеген» делінген.

Жоғарғы соттың алқа мәжілісінде кришнаиттер қауымының төрағасы істің қаралуын кейінге қалдыруға өтініш жасаған, себебі, біріншіден діни бірлестікке сот процессі туралы бір де бір рет хабарланбаған, екіншіден соттар бірінші және екінші сатыда да «діни бірлестікке өздерінің шешімін жібермеген». «Бірақ, сот процесті кейінге шегермеуге шешім қабылдаған және де оның орнына діни ұйымның төрағасына соттың бірінші және екінші сатыдағы шешімін беріп, онымен танысуға бірнеше ғана сағат берген, тіптен оған өзіне қажетті құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету мүмкіндігін де бермеген»,- деп айтылған баспасөз баянында.

Сөйтіп, Жоғарғы соттағы азаматтық істер жөніндегі алқасы өздерінің 2005 жылдың 30-маусымындағы қаулысының күшін жоюға шешім шығарған. Шешім оны жариялаған сәттен бастап күшіне енді. «Бұл «Общество сознания Кришны» діни ұймының басты орталығы орын тепкен жер кез-келген уақытта Қарасай ауданының жер қорына тәркіленеді деген сөз» деп түсіндірді қауымдағылар.

Қауым төңірегіндегі тартыстар 2004 жылдан бері, Қарасай ауданының әкімшілігі қауым мүшелеріне қарсы сот дауын бастағаннан бері жалғасып келеді. Нәтижесінде өткен жылдың қарашасында діндарлардың 13 үйі бұзылған.

Наурызда еліміздің үкіметі қауыммен арадағы дау-жанжалды келіссөздер арқылы шешпек ниетте екенін хабарлап, болған оқиғаны жергілікті биліктің басшылық жасау алмауымен байланыстырған.

Қазір кришнаиттердің тағы 13 үйіне бұзылу қаупі төніп тұр. «Діндарлар кез-келген күні сот шешімімен қауым тіркелген жерді тастап шығуға мәжбүр болғалы тұр. 50 діндар мен 30 сиыр ашық аспан астында қалмақ. Шіркеу жойылады. Ал, заңды тұлға деген мекен-жайдан айрылу Алматы облысындағы «Общество сознания Кришны» діни ұйымын жою дегенді білдіреді»,- деп түсіндірді қауым өкілдері.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті