Бұл құжатта екі мемлекеттің қысқа мерзімді перспективадағы бірлескен жұмыстарының негізгі параметрлері көрсетілген. «Құжатта екі жақтан атқарылатын жұмыстардың басты бағыттары, жүзеге асыратын мерзімі мен жауапты атқарушылар айқындалған»,- деді Н.Назарбаев Ресей президентімен кездесу барысында.
Жоспарда энергетика, көлік, шекаралық ынтымақтастық, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және игеру, Байқоңыр кешенін пайдалану саласындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету шаралары мен әскери-техникалық ынтымақтастық шаралары қамтылған.
Атап айтсақ, жоспарға сәйкес 2007-жылы екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнауының 15 жылдық мерейтойына орай бірлескен шаралар өткізу; 2007-жылдан кейінгі мерзімге арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюға әзірлеу және оны жүзеге асыру жоспарын жасау; 2007-жылғы күзде Новосибирскіде екі елдің мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің шекаралық аймақтары жетекшілерінің форумын дайындап өткізу; 2008-жылы Ресей мен Қазақстанның іскертоп өкілдерінің форумын өткізу межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті