Ауылшарушалық министрлігі малдары аусыл індетіне шалдыққан отбасыларына 1 млн теңгеден астам өтемақы төледі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылшарушалық министрлігі малдары аусыл індетіне шалдыққан отбасыларына 1 млн теңгеден астам өтемақы төледі

Ауылшарушалық министрлігі малдары аусыл індетіне шалдыққан отбасыларына 1 млн теңгеден астам өтемақы төледі

ҚАРАҒАНДЫ. 10-мамыр. Kazakhstan Today. Ауылшарушалық министрлігі аусыл індетіне шалдыққан ірі қаралары жойылған 60 отбасына 1 млн 347 мың 582 теңге өтемақы төледі, деп хабарлады Today агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысының мал дәрігерлік қызметінен.

  • 10 Мамыр 2007
  • 476
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, аусыл дертінің ошағы Қарағанды облысының Кеңгір ауылында анықталған болатын. Індетті жұқтырған 60 ірі қара өртеу жолымен жойылған. Кеңгір ауылында 545 үй бар, олардың 297 мал ұстайды.

Індет ошағының өршуінің алдын алуда 899 ірі қара мен 1100 ұсақ малға індетке қарсы вакцина егілген.

Мал дәрігерлік қызметтің ақпараттарына сүйенсек, карантин шаралары 16-мамырға дейін созылады. «Індеттің таралуына жол бермеу үшін барлығы жасалуда»,- деп сендірді мал дәрігерлері.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті