ҚР ІІМ үкіметке автомектептерге қойылатын талаптарды белгілейтін қаулының жобасын енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ үкіметке автомектептерге қойылатын талаптарды белгілейтін қаулының жобасын енгізді

ҚР ІІМ үкіметке автомектептерге қойылатын талаптарды белгілейтін қаулының жобасын енгізді

АСТАНА. 11-мамыр. Kazakhstan Today. ҚР ІІМ үкіметке автомектептерге қойылатын квалификациялық талаптарды белгілейтін қаулының жобасын енгізді. Бұл туралы бүгін "Қазақстанда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жөніндегі халықаралық семинар барысында ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 11 Мамыр 2007
  • 437
Фото - Caravan.kz

«2007-жылдың қаңтарында қабылданған «Лицензия беру туралы» заңмен жүргізушілерді дайындау мен қайта дайындау іс-қызметіне лицензия беру тәртібі енгізілген. Осыған байланысты қазір біз жүргізушілерді дайындайтын ұйымдарға қойылатын квалификациялық талаптарды белгілейтін және осындай ұйымдарға аталған лицензиялы қызметпен шұғылдануға құқық беру тәртіптері жөніндегі қаулының жобасын жасап үкіметке енгіздік»,- деді Ө.Түсімов.

Ол 2006-жылдың қараша айында көлік құралдарының жүргізушілерін дайындау мен қайта дайындау іс-қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптарды белгілейтін стандарт жасалып іске қосылды. Сонымен бірге 2006-жылы жүргізушілерді дайындау сапасын көтеру үшін ІІМ көлік құралдарының түрлі санаттарының жүргізушілерін дайындаудың типтік бағдарламаларының жобасы жасалып енгізілді. Онда оқыту мерзімін ұзарту көзделген.

«Жүргізуші болудан үміткерлерді оқыту мерзімі жаңа тәртіпке сәйкес «В» санаты бойынша үш айға дейін, «В-С» санаттары бойынша бес айға дейін, «Д» санаты бойынша сегіз айға дейін созылды»,- деді комитет төрағасы.

Республиканың жол полициясы басшысының мәліметтерінше, қазір Қазақстанда жүргізушілерді дайындайтын 1015 оқу ұйымы бар, олар тек былтыр жүргізуші куәлігін алуға ниет білдірген 286 мың адамды оқытып шығарды. «Олардың басым бөлігіндегі сабақтар төмен деңгейде жүргізіледі. Автомектептердегі жүргізушілерді дайындау сапасына жүргізілген тексерулер осы оқу орындарының басшылығы тарапынан оқыту процессіне, оқытушылармен әдістемелік жұмыстарға және оқыту-материалдық базаны жетілдіруге қойылатын талап пен бақылау деңгейінің төмендігін паш етті»,- деді Ө.Түсімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті