«Сегізінші мамырда біз Балқаш Жылу электр орталығын салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге байқау жарияладық, маусымда біз тиісті келісімге қол қоямыз»,- деді С. Мыңбаев.
Ол еліміздің оңтүстігін қуатпен қамтамасыз етуге жүргізілген талдау қорытындысы «Үлкен ауылының маңында көмір станциясын салудың артықшылығын » дәлелдегенін еске сала кетті.
С. Мыңбаевтың айтуынша, станцияның бастапқы құны шамамен 200 млрд теңгені құрайды. «Бұл үлкен қаржы… және оны түгелдей тек мемлекеттік холдингке жүктеудің мәні бола қоймас»,- деді ол.
С. Мыңбаевтың хабарлауынша, бірқатар инвесторлар аталмыш жобаға өз қызығушылықтарын танытып отыр. «Атап айтқанда, Халық банкі, Қазкоммерцбанк, «Тұран Әлем» банкі». Біз олармен қарым-қатынасты жолға қоямыз. Немесе, тендер барысында бұл консорциум ретінде рәсімделуі мүмкін»,- деп санайды «Самұрық» басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті