Байқоңыр қаласында Қазақстанның мүлкі мен нысандарын тізімдеуге дайындық басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр қаласында Қазақстанның мүлкі мен нысандарын тізімдеуге дайындық басталды

Байқоңыр қаласында Қазақстанның мүлкі мен нысандарын тізімдеуге дайындық басталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 - мамыр. Kazakhstan Today. "Қазақстан Республикасы тарапынан Байқоңыр кешенінің нысандарын пайдалану шарттары мен сақталуына бақылау қою тәртібі туралы" үкіметаралық келісімге сәйкес қаланың ресейлік әкімшілігі қала басқаруындағы кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде Қазақстан Республикасының нысандары мен мүліктерін тізімдеуге дайындалуда, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Байқоңырдың қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

  • 15 Мамыр 2007
  • 455
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, Байқоңырдың мэрі Александр Мезенцевтің өкімімен, қазіргі уақытта қалалық кәсіпорындарда арнаулы мекемеаралық комиссия құрамына кіру үшін лауазымды тұлғаларды тағайындауға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Бақылау — 2007» іс-шарасын жүргізуге қатысты негізгі салмақ Байқоңыр қаласының Ресей Федерациясының мүлік қатынастары бөліміне жүктеледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі Байқоңыр аумақтық комитетінің төрағасы Мағауия Ажмолдаевтың ақпараттарына сүйенсек, «Қазақстан Республикасы тарапынан төрт жылда бір рет қана бақылау жасалады». Ол бұған дейінгі бақылау 1999 және 2003 жылдары өткендігін еске сала кетті. «Оның негізгі мақсаты — нысандардың сақталуын, оларды мақсатқа сай пайдаланылу шарттарын тексеру, сонымен қатар Қазақстан Республикасы нысандарының техникалық жағдайын бағалау»,- деп қосты М. Ажмолдаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті