Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14-мамырда Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында жеке меншіктегі 1200 бас ірі қарадан 348 басты малдың аусылға шалдыққаны анықталды. Оның 18-і өртеліп, арнаулы мал қорымына көмілді. «Диагнозды «Республикалық мал дәрігерлік зертхана» РҚКК қан сынамасын зерттеу арқылы зертханалық тексеруде анықтады»,- деп хабарлады баспасөз қызметі.
Атырау облысының Қызылқоға ауданында үй жануарларының аусылмен ауыруына байланысты 21 күндік карантин жарияланды.
Алғаш індетті жұқтырған мал 20-сәуірде анықталған болатын.
Министрліктің хабарлауынша, 15-мамырдағы жағдаймен 5065 ірі қара, 14703 ұсақ мал тексерілді. Соның ішінен аусылмен ауырған 391 ірі қара, 145 ұсақ мал анықталып, 191 ірі қара мен 45 бас ұсақ мал өртелді.
4007 бас ірі қара мал мен 15459 ұсақ малға вакцина егілді. Аталмыш елдімекен мен маңайдағы ауылдар оқшауландырылған, бұл аудандардан ет тасымалдауға тыйым салынған. Карантин бөлімшелері жұмыс істеуде, жергілікті 6298 тұрғын бақылауға алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті