Қазақстан парламенті депутаттарының саны 154-ке жетеді - президент (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті депутаттарының саны 154-ке жетеді - президент (толықтырылған нұсқа)

Қазақстан парламенті депутаттарының саны 154-ке жетеді - президент (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан парламенті депутаттарының саны 154-ке жетеді. Бұл туралы бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Мамыр 2007
  • 10541
Фото - Caravan.kz

«Парламент депутаттарының жалпы саны 38 адамға артып, 154 болмақ. Бұл 15 млн халқы бар еліміз үшін қалыпты пропорция»,- деді Н.Назарбаев. «Басқа мемлекеттердегі осындай арақатынасты зерделеп шығу арқылы біз бұл еліміз үшін лайықты сан деген байламға келдік»,- деді президент.

Н.Назарбаевтың түсіндіруінше, парламенттің қос палатасының да депутаттарының саны артады. «Демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысы қабылданды. Сенат депутаттарының саны президенттік квотаны 7-ден 15-ке дейін арттыру есебінен көбейетін болды. Олардың бір бөлігі Қазақстан халықтары ассамблеясымен кеңестен кейін тағайындалатын болады»,- деді мемлекет басшысы.

Н.Назарбаевтың айтуынша, мәжіліс депутаттарының саны 30 адамға артып, 107-ке жетпек. «98 депутат пропорционалдық жүйемен сайланса, 9 депутат Қазақстан халықтары ассамблеясының атынан өкілеттілік алады. Бұл Қазақстандағы халықтардың мүддесін ескеру үшін жасалумен бірге ол қоғамды одан әрі біріктіруге қызмет етеді»,- деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті