«Демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссия депутаттардың жартысын мажоритарлық, ал қалған жартысын пропорционал жүйе бойынша сайлауды ұсынған. Ал біз одан әрі алға жылжуымыз қажет»,- деді президент. «Халықаралық тәжірибені мұқият зерттей келе біз мәжіліс депутаттарын толықтай пропорционал сайлау жүйесі бойынша сайлауға көшуді ұсынамыз. Бұл біздің айрықша ерекшеліктерімізді ескере отырып, репрезантативтілікті қамтамасыз етеді»,- деді мемлекет басшысы.
«Сайлау жүйесіндегі бұл реформа саяси партияларға еліміздің саяси жүйесіндегі өз жұмысын жақсартуға қосымша мүмкіндік беріп, саяси күштердің арасында нақты ара салмақтың қалыптасуы мен халықтың шынайы ерік-жігерін паш ететін болады»,- деп санайды президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті