Байқоңырға екі ғарыш кемесін тіркеген вагондар келіп жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға екі ғарыш кемесін тіркеген вагондар келіп жетті

Байқоңырға екі ғарыш кемесін тіркеген вагондар келіп жетті

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 17 - тамыз. БАЙҚОҢЫР. Бүгін Төретам станциясына "Союз ТМА-11" және "Прогресс М-62" екі ғарыш кемесін тиеген вагондар келіп жетті. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Тамыз 2007
  • 452
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Королев қаласынан С. Королев атындағы «Энергия» Зымыран-ғарыш кешені» ААҚ эксперименталдық машина жасау зауытынан жіберілген кеме тиелген құрам Төретам станциясына бүгін Астана уақытымен 14 сағат 15 минутта келіп жетті. Жүктерді кедендік рәсімдеуден кейін ғарыш және жүк кемесі қосымша құрылғыларымен бірге № 254 алаңының монтаж және сынақ корпусына жеткізіледі, онда ұшыру алдындағы дайындық жүргізіледі.

«Союз ТМА-11» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын жеткізуге арналған. «Союз-ФГ» зымыран тасығышын «Союз ТМА-11» ғарыш кемесімен бірге ұшіру 2007 жылдың 10-қазанына жоспарланған.

«Прогресс М-62» транспорттық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына жанар-жағармай, азық-түлік және құрал-жабдық тасымалдауға арналған. «Прогресс М-62» транспорттық жүк кемесін 2007 жылдың аяғында ұшыру көзделген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті