"Союз ТМА-11" пилотты ғарыш кемесінің экипажына Малайзиялық тұңғыш астронавт қамтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Союз ТМА-11" пилотты ғарыш кемесінің экипажына  Малайзиялық тұңғыш астронавт қамтылды

"Союз ТМА-11" пилотты ғарыш кемесінің экипажына Малайзиялық тұңғыш астронавт қамтылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 17 тамыз. БАЙҚОҢЫР. Халықаралық ғарыш станциясына осы жылдың қазан айында ұшырылатын "Союз ТМА-11" пилотты ғарыш кемесінің экипажына Малайзиялық тұңғыш астронавт қамтылды. Бұл туралы агенттікке Федералдық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 17 Тамыз 2007
  • 545
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын-ала мәліметке сәйкес, «негізгі экипаждың құрамына Халықаралық ғарыш станциясының командирі, АҚШ азаматы Пегги Уитсон, «Союз ТМА-11» пилотты ғарыш кемесінің командирі, Ресейлік Юрий Маленченко мен ғарыштық ұшырылымға қатысушы — Малайзиялық шейх Мусзафар Шукон аль-Масри енген. Сонымен бірге қосалқы экипаж құрамында Майк Синк (АҚШ), Салижан Шарипов (Ресей), Пин Халид Фаиз (Малайзия) бар.

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, малайзиялық тұңғыш астронавт шейх Мусзафар Шукон аль-Масри Халықаралық ғарыш станциясында ғарыштық ұшырылымға қатысушы ретінде 10 тәулік болады, бұдан кейін ол Жерге Федор Юрчихинмен және Олег Котовпен бірге оралады. Пегги Уитсон мен Юрий Маленченко астронавт Клейтон Андерсонмен бірге Халықаралық ғарыш станциясындағы жұмысты одан әрі жалғастырады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Союз-ФГ» зымыран тасығышы мен «Союз ТМА-11» ғарыш кемесі 2007-жылдың 10 -қазанында ұшырылады деп жоспарланған. Халықаралық ғарыш станциясына жасалатын экспедиция бағдарламасына сәйкес, «Союз ТМА-11» ғарыш кемесінің негізгі экипажы 15-ші негізгі экспедициямен ғарышқа аттанған Федор Юрчихин мен Олег Котовты алмастырады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті