ҚР премьер- министрі мен ҚХР төрағасы экономиканың шикізатқа жатпайтын секторындағы өзара байланыстарды нығайту жайын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР премьер- министрі мен  ҚХР төрағасы экономиканың шикізатқа жатпайтын  секторындағы өзара байланыстарды нығайту жайын талқылады

ҚР премьер- министрі мен ҚХР төрағасы экономиканың шикізатқа жатпайтын секторындағы өзара байланыстарды нығайту жайын талқылады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18-тамыз. Kazakhstan Today. ҚР премьер- министрі мен ҚХР төрағасы экономиканың шикізатқа жатпайтын секторындағы өзара байланыстарды нығайту жайын талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Тамыз 2007
  • 474
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үкіметтік делегацияларының келіссөздері өтті.

ҚР премьер- министрі Кәрім Мәсімов пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао бастаған келіссөзге қатысушылар сауда- экономикалық және энергетикалық мәселелерге қатысты, сондай-ақ, Қазақстан мен ҚХР арасындағы шекаралық ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады.

Тараптар «шекаралық ынтымақтастықты дамытумен қатар, экономиканың шикізатсыз секторындағы өзара байланыстарды күшейту қажеттігін» атап өтті.

Қытайлық делегация машина жасау , телекоммуникация, химия және инфрақұрылым құрылысы сияқты салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Сонымен қатар, металлургия, мұнай-химия, көлік және логистика, энергетика, тоқыма өнеркәсібі, ғарыш индустриясы және туризм салалары бойынша да өзара қарым- қатынастарды дамытудың болашағы зор екені атап өтілді.

Кездесуді қорытындылаған Қазақстан премьер-министрі ҚХР төрағасының Астанаға сапары «Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту жолында тағы бір маңызды қадам болатынына» сенім білдірді.

Бүгін сондай-ақ, үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов ҚХР Мемлекеттік Кеңесі премьерінің орынбасары У И ханымды қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, экономикалық және мәдени гуманитарлық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті